Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр. Сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров Салтанаттың өліміне себеп болған бас жарақаттарын тізбектеп берді. Ол марқұмның бет-жүзінде болған жарақаттарды манекенге салып көрсетті. Сарапшы бұл жарақаттар өзге адамның қолынан пайда болғанын айтты.