Қуандық Бишімбаевпен бас қосқан бір жылда жұбайы Салтанат Нүкенова сегіз рет үйден кетіпті. Астанада жалғасып жатқан сот процесінде марқұмның ағасы осындай деректерді көпке жария етті. Сот отырысына Нүкенованың ата-анасы да арнайы Павлодардан келіпті. Қыздарына жасаған қысастығын естігенде көз жасына ерік беріп, залдан шығып кетіп отырды.