Биыл түркістандық диқандар суармалы судың тапшылығын көрмейді. Түркістан облысы бойынша жалпы көлемі 552 мың га суармалы жер бар. Оның ішінде 332,0 мың га егістік алқабы «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы арқылы ағын сумен қамтамасыз етіледі. Биыл аталған мекеме егістікке арналған суармалы судың бағасын 30 пайызға қамбаттатты. Яғни, диқандар 1 текше метр су үшін 1 теңге 70 тиыннан төлеп келеді.