Биылғы жыл жылқыға жайсыз тиді. Алдымен әлеуметтік желі арқылы жеткен хабарға сенсек, Ұлытау облысындағы әсіресе Жаңаарқа ауданы жағының шаруа қожалықтары құрық ұстап қалатын түрі бар. Ресми мәлімет бойынша, автомобиль жолдарының бойынан 67 бас жылқының өлексесі табылған. Бірақ бұл жылқылардың да кейбірінің нақты иесін табу мүмкін емес.