Батыс Қазақстан облысында бүгінге дейін 28 бағыттағы жол жабылса, соның 18-ін су шайып кеткен. Оның 4-еуі – облыстық, 14-і – жергілікті маңызы бар жол. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен стационарлық бекеттер орнатылды. Ақтөбе облысы Қобда ауданында трассаны су басуына байланысты Самара-Шымкент жолы Теректі ауданы Жаңаөмір ауылынан Ақтөбе облысына дейін жабық.