БҚО төтенше жағдайлар департаментінің өкілі мәлімдеме жасады. Өңірдегі төтенше жағдай режиміне байланысты БАҚ өкілдерінің су басқан аймақтарға барып, белсенді жұмыс істеуі олардың өмірі мен денсаулығына елеулі қауіп төндіреді.Қауіпті аймақтарда құтқару және эвакуация жұмысын төтенше жағдай, полиция департаменттерінің, Ұлттық ұлан және Қарулы күштердің қызметкерлері жүргізіп жатыр.