Батыс Қазақстан облысында Шыңғырлау өзені арнасынан асып, Бөрлі ауданы Ақсу ауылында үйлерге су кірді. «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Тілеген Шапанов берген мәліметке қарағанда, Шыңғырлау өзені Бөрлі ауданы Кеңтүбек ауылы тұсында 767 сантиметрге көтеріліп, қауіпті деңгейден (700 см) асып кетті.