Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданында Көшім каналында су деңгейі бір тәулікте 43 сантиметрге көтерілді. «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 1 мамыр күнгі таңғы сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша каналдағы су деңгейі 817 сантиметрді көрсетіп, қауіпті шектен (800 см) қайта асып кетті.