Батыс Қазақстан облысында жіті ішек инфекцияларымен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты. БҚО санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев 30 наурыздан бастап күні бүгінге дейін су тасқыны орын алған Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Теректі аудандарында ішек ауруларымен шағымданғандар тіркелген жоқ деп мәлімдеді.