ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарынан қалыптасқан жағдаймен танысты. Жұмыс сапары барысында Батыс Қазақстан облысының Теректі, Сырым және Қаратөбе аудандарындағы су басқан аумақтар әуеден бақыланып, сондай-ақ Орал қаласындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан ахуал зерделенді. Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Роман Склярға жүргізіліп жатқан шаралар жөнінде баяндады.