Отандасымыз Валерия Гавриленко «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбританияға оқуға кетіп, содан қайтпай қалған. Ол кепілге қойған мүлкін шығарып алғаннан кейін Халықаралық бағдарламалар орталығы оқудың ақшасын, нақты айтқанда 30 млн теңге мемлекет қаржысын гарант болған үшінші тарап, яғни кепілгерлерден талап еткен.