Қашаннан жаңалықтың жаршысы болып келе жатқан наурыз айы «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Атына сәйкес биылғы наурызымыздың мазмұны, расында да, жаңа уақытпен астасып тұр. Еліміздің барлық өңірінде уақыт белдеуі біріздендірілді. Яғни бірнеше өңірде уақыт бір сағат артқа жылжытылды.