Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында салынып жатқан көпір биыл қолданысқа беріледі. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Шығыс Қазақстан облысындағы Күршім мен Самар аудандарын жалғайтын «Қызыл ту» өткеліне көпір салынып жатқаны белгілі. Еліміздегі ең ұзын көпірдің қашан ашылатыны туралы сұраққа ШҚО аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында жауап берілді.