ҚР премьер-министрі Бектенов "Крокус Сити Холлдағы" терактіден кейін көңіл айту кітабына жазба қалдырды. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев та құрбандарды еске алып, гүл шоқтарын қойды. Үкімет басшысы Олжас Бектенов Ресейдің Қазақстандағы елшілігінде болды. Премьер-министр Мәскеу түбіндегі Крокус Сити Холлдағы терактіден кейін дипломатиялық мекемеде ашылған көңіл айту кітабына жазба қалдырды.