Полиция тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ал күдікті ауруханада ем алып жатыр. Оқиға Мақтаарал ауданына қарасты Атакент ауылында болды. Әлеуметтік желіде тараған видеодан бетіне маска киген жігіттің дәріхана ішіне белгісіз сұйықтық шашып жүргенін көруге болады.