Бұрынғы судья Айгүл Сайлыбаеваның Германияда із-түссіз жоғалып, кейіннен мүрдесі табылғаны белгілі. Опат болған отандасымыздың жақын құрбысы Айгүлдің отбасылық өмірі жайлы айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, бала тәрбиесі мен қаржылық мәселелерге қатысты отбасында үнемі кикілжің туындап отырған.