Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Самат Қалдығұлов су тасқыны кезінде баспанасы суға кеткен тұрғындарға көмек қолын созғысы келетінін айтты. Ол туған жері – Алға ауданы Аманкелді ауылынан су тасқынынан зардап шеккен 10 отбасыға үй тарту етпек.