Шығыс Қазақстан облысында «Ізгі көктем» қайырымдылық балы өтіп, 30 млн теңгеге жуық қаражат жиналды. «Niet woman» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған қайырымдылық балына облыстағы меценаттар, ірі кәсіпорын басшылары, қоғам белсенділері мен жанашыр жандар қатысты. Жыл сайын көктем мезгілінің басында өткізілетін шараның мақсаты – мұқтаж жандарға көмектесу, қайырымды іс жасау.