Жақында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты атышулы істің соты басталады. Алматыда өлтірілген 4 жасар баланың соты жүріп жатыр. Ақпан айының ортасында Алматы облысындағы 3 жасар егіздер мен олардың үлкен әпкесін зорлау ісі бойынша сот басталады. ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева Instagram парақшасына Салтанат Нүкенованың ісі бойынша сотқа дейін немесе сот процесінде сотталушыны ақтау үшін фактілерді қасақана бұрмалауға әрекет жасалуы мүмкін деген мағынада алаңдаушылық танытып, жазба қалдырды.