Қайғылы оқиға кеше кешке болған. Көлік жағадан шамамен 700-800 метр жердегі мұз ойығына құлап кеткен. Оқиға Екібастұздың ГРЭС-2 стансасы аумағында, «Шандықсор» жасанды су қоймасында болған. 1978 және 1976 жылғы екі ер адам балық аулауға шығып, жеке көлікпен мұз астына түсіп кеткен.