Екібастұздық монополистер өз тұтынушыларынан көрсетілмеген қызмет үшін төлемақы өндіріп келген. «Павлодарэнергосбыт» ЖШС мен «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС былтыр жазда ыстық сумен жабдықтау қызметі үшін екібастұздық тұрғындардан төлем өндірген. Шын мәнінде шаһарда ыстық су бірнеше ай болмаған.