Екібастұз қаласының тұрғындары тағы да наразылық білдірді, себебі батарея суық, ыстық су да жоқ, ал ауа райы суып кетті. Қала әкімінің айтуынша қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, сондықтан үйлердің іші суық. Кешеден бері әлеуметтік желіде қала тұрғындары жылусыз отырғанын жазып жатыр. Тұрғындардың біреуі қала әкімі Аян Бейсекиннің өзіне жазған жауабына қанағаттанбай отырғанын жеткізді.