Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 20 мамырда жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алуға өтінім беру басталатынын хабарлады. Үміткерлер Business.enbek.kz порталында өтініш беру керек. Бизнесті қолдауға берілетін қаржы - 1 476 800 теңгені құрайды.