Қазақстанда әлі күнге дейін үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер бар. Дәл осы мәселені шешу үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Жоба бойынша 2025 жылдың соңына дейін 401 жайлы мектеп салынып, пайдалануға берілуге тиіс. Бұған бюджеттен тиесілі қаражат, дәлірек айтқанда, 2,6 трлн теңге қарастырылған. Жобаның жүргізілу барысы қалай? Орын тапшылығы шынымен толық жойыла ма? «Жайлы мектеп» қай тілде оқытады.