Синоптиктер Қазақстанда 13, 14, 15 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады. Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. 13-15 маусымда шығыс пен орталықта, 14 маусымда елдің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында нөсер жауады деп күтіледі.