Елімізде тұңғыш рет науқастың жұлынына нейростимулятор орнатылды. Отаны Алматыдағы орталық клиникалық аурухана дәрігерлері жасады. Алматы денсаулық сақтау басқармасы құны 8,5 млн теңге тұратын жоғары технологиялық медициналық қызмет МӘМС есебінен жасалғанын айтты.