Қазақстанда көлік тұрағына төлемнен жалтарғандарға айыппұлды алып тастап, денсаулыққа зиян келмеген жол-көлік оқиғасы үшін жүргізуші куәлігінен айыру жазасын қолданбау жоспарланып отыр. Бұл нормалар бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқылау кезінде мәлім болды.