ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум бекітті. Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев ғылыми жобаларды қаржыландыру жылдан жылға артып, ғалымдарға мемлекеттік қолдау күшейіп келе жатқанын атап өтті.