Қазақстанда енді петицияны онлайн форматта рәсімдеуге болады. Еpetition.kz https://epetition.kz./ сайты ресми түрде бүгін іске қосылды және ол «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамына қарайды. «Барлық пайдаланушыларға сізді толғандыратын мәселе туралы айтыңыз, біздің веб-сайтта петиция жасаңыз», - делінген сайттың басты бетінде.