Отбасы банк «Отау» жаңа тұрғын үй бағдарламасы басталатынын хабарлады. «Отау» бағдарламасы 2024 жылдың 1 наурызында іске қосылады. Сол күннен бастап 30 сәуірге дейін (қоса алғанда) қазақстандықтар Баспана маркет (otbasybank.kz) порталында бағдарламаға қатысу туралы өтініш жолдай алады. Өтініш беру уақыты маңызды емес.Бағдарлама бойынша бастапқы жарна 20% - дан басталады. Несие бойынша мөлшерлеме-жылдық 9% (ЖЭС 9,2% бастап). Несие мерзімі - 19 жылға дейін.