Ғылым және жоғары білім министрі 2024 жылғы 18 наурыздағы Республикалық терминологиялық комиссия құру туралы бұйрыққа қол қойды. Республикалық терминологиялық комиссия қазақ тілінің экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттің барлық салаларында терминологиялық лексикасы бойынша ұсыныстар әзірлейтін және өз қызметін қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттар бойынша жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган қызметін атқарады.