Еліміздің 6 өңірінде су басқан үйлердің саны 4 мыңнан асты. «Жедел желі» телефонына 1 568 қоңырау түсіп, психологтар зардап шеккен адамдарға писхологиялық көмек көрсетуде. Еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 36 ТЖ әрекет етеді.