Жұмыссыз қалған 250 маңғыстаулық мұнайшылар Астанаға келіп, «Қазмұнайгаз» бен Энергетика министрлігі ғимараты алдында жиналып, «Өзенмұнайгаз» АҚ штатына жұмысқа орналасуды талап етті. Былтыр жұмысшылар «Берали Маңғыстау Company» мекемесінде жұмыс істеген. Кейін жұмыссыз қалып, ешқандай әлеуметтік көмек ала алмаған.