Ұлттық құрылтайда Елтаңбаны өзгерту туралы президенттің айтқан идеясын тақылау мақсатында парламенттік тыңдалым өткізіледі. Бұл туралы мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді. Қолданыстағы Гербтің бейнесіне байланысты жастар мен қоғам белсенділерінің пікірі ашық айтылып, тарихшылар мен археологтардың ойы да назарға алынады.