Бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтан Қаңтар оқиғасына қатысты жауап алынды. Дегенмен генералға қатысты қылмыстық істің қозғалғаны туралы ақпарды ешкім растамай отыр. Көптен бері тасада жүрген экс-министрдің жайын оның қызмет орнын басқан қазіргі бас полицей Ержан Сәденов те айта алмады.