ЕО Киевке қару-жарақ өндіруге көмектесудің жаңа жолдарын іздестіруде. Брюссельде Еуропалық Одақ-Украина қорғаныс өнеркәсібі форумы ашылды, оған Еуропаның 25 елінен 140-тан астам қорғаныс компаниясы қатысты. Шараның ашылуында сөз сөйлеген Еуроодақ дипломатиясының басшысы Жозеп Боррель Еуропа мен Украинаның қорғаныс өнеркәсібінің интеграциясы, сондай-ақ Украина аумағында қару-жарақ пен оқ-дәрі шығаруды қаржыландыру қажет екенін атап өтті.