18 наурыз күні Астанада Көшпенділердің асық спорты халықаралық федерациясы ресми түрде ашылды. Аталған ұйым 12 наурызда Әділет министрлігінен тіркеуден өткен болатын. ҚР Асық ату федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, халықаралық федерацияның президенті болып Парламент Мәжілісінің депутаты, «Respublica» партиясы фракциясының мүшесі Олжас Құспеков сайланды.