Өзбекстанның Науаи қаласында өткен Әйтеке бидің 380 жылдығына арналған халықаралық айтыста қызылордалық Мұхтар Ниязов бас жүлде алды. Халықаралық айтысқа Өзбекстан, Қырғызстан, Моңғолия және Қазақстаннан барлығы он ақын келді. Олардың арасында 6-уы еліміздің намысын қорғап қайтты.