Астана қаласында әйелін аса қатігездікпен қинап өлтірді деп айып тағылған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы жүріп жатыр. Сот отырысы айыпталушының сұрауымен алқабилер алқасы және БАҚ қатысуымен өтіп жатыр. Қоғамдық резонанс тудырған қайғылы жағдайға қатысты сот отырысы Жоғарғы соттың ресми әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде көрсетілді.