Жаңа жыл қарсаңында көше де, ғимараттар да, үйлер де жаппай үлкенді-кішілі шыршалармен безендіріледі. Тірі, яғни табиғи шыршаны кесу табиғатқа зиян, ағашқа обал деп пластик шырша пайдаланылады. Бірақ тірі шыршадан гөрі жасанды шыршаның зияны көп дейді зерттеушілер.