Атырау облысында кәмелетке толмағандар құқығын қорғайтын 11 комиссия бар. Былтыр бұл комиссияларда 1 624 мәселе қаралған. Облыстық білім басқармасының басшысы Ерлан Сламбековтің айтуынша, жасөспірімдердің сабақтан тыс кезде құқық бұзушылық жасайтыны анықталып отыр.