Биыл Қазақстанда жатақханалардағы 10 мыңнан астам жаңа орын енгізіледі. ҚР премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова құрылыс маусымын тиімді пайдалану маңызды екенін қадап айтты. ҚР Үкіметінің отырысы аясында колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін жатақханадан орынмен қамтамасыз ету мәселесі қаралды.