Жайық өзеніндегі су деңгейі Ақжайық ауданы Тайпақ ауылы тұсында бір тәулікте 51 сантиметрге көтерілді. «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының 2 мамыр күнгі сағат 08.00-дегі мәліметі бойынша аталмыш гидробекетте су деңгейі 750 сантиметрге жетті (қауіпті шегі – 850 см). Есесіне Жайық деңгейі Бәйтерек ауданы Январцев ауылында бір тәулікте 7 (820 см, қауіпті шегі – 1 250 см), Оралда 7 (813 см, 850 см), Көшімде 6 (827 см, 850 см) сантиметрге төмендеді.