Тұрғындарының саны бірнеше миллионнан асып жығылатын мегаполистерде көлікпен жүру жылдан-жылға қиындап келеді. Бүгінде Алматының әрбір төртінші тұрғынының жеке көлігі бар. Ал автомобильдің саны көбейген сайын ұзын-сонар кептеліс, автотұрақтың жетіспеушілігі, жанармайдың қымбаттауы сияқты мәселелер қордаланып жатыр.