1 желтоқсанда Жетісу өңірінде әскерге шақырылған Әмір Байтұрғанов қайтыс болды. Бұл туралы сарбаздың әкесі Мұрат Байтұрғанов айтты. Айтуынша, әскери бөлім оның ұлының өлімінің себебін менингит деп атайды. Бірақ әкесінің өзі Әмірдің емделуі кезінде сарбазға тиісті көмек көрсетілмеген, бүйрек ауруынан қайтыс болды деп есептейді.