Жезқазғандық 13 жастағы қыз ата кәсіпті жалғастыруды армандайды. Жезқазғандық 13 жастағы Көркемді достары "Шабандоз қыз" деп атайды. Небәрі 5 жасында атқа мінген ол бүгінде әкесіне жәрдем беріп, 2 үйір жылқы бағып отыр. Асау тізгіндеп, талай бәйгеге түскен оқушы болашақта атадан жалғасқан кәсіпті дамыту арманым дейді.