Кейінгі кезде көлік жүргізушілерінің жол ережесін бұзғаны жөніндегі деректі тек жол-патрульдік полиция өкілі не «Сергек» камералары ғана емес «үшінші тұлғалар да» жиі назарға іліп жүр. Елдегі көлік тізгіндеген азаматтар айыппұл арқалағаны туралы ақпаратты полицияға ұсынған үшінші тұлға екені анықталғанда пікірі қақ бөлініп жатады. Кейбірі жол ережесін сақтауға қоғам мүдделі болу керек деген ойды қуаттаса, келесі топ құзырлы мекеме қызметі болмаса өзге біреудің негізді-негізсіз ақпарат жіберуі алауыздыққа алып келеді деген ұстанымға арқа сүйейді.