Жыл сайын елімізде екі мыңға жуық адам жол апатынан ажал құшады. Сенатор Бибігүл Жексенбай премьер-министр Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдап, жыл сайын жол-көлік оқиғасынан мыңдаған адам көз жұматынын, түйткілдің түйінін шешу кезек күттірмейтін шаруа екенін айтты.