Биылғы қалың қар, қатты қыс мал шаруашылығына оңай тиіп жатқан жоқ. Бұл әсіресе қазақ «ер қанаты» деп бағалаған жылқы малына аса ауыр тиіп тұр. Осыған орай «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшелері премьер-министр Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдаған еді.