Қазақ үшін қыздың ұядан ұзатылып, ұлдың жеке отау құрғаны айрықша қуаныш. Перзент дүниеге келіп, ес біле бастағаннан-ақ ұлтымыз бауыр етін сол үлкен өмірге баулиды. 5 жасқа дейін ханындай күтіп, 12 жасқа дейін құлындай жұмсайды. 12 жастан асқан баламен досындай сырласады, пікіріне құлақ түреді. Бала тәрбиесіндегі бұл алгоритм – ұтымды шешім.